30 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Сенаторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті.
ERNUR.KZ. Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.
30 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Сенаторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында Бірғаным Әйтімова төрағаның орынбасары болып сайланды. Кеңес хатшысы болып депутат Нұрлан Қылышбаев тағайындалды. Кеңесті Сенат төрағасы Дариға Назарбаева басқарады.