Министр шетелдік дипломаттарға белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстап, олардың алдағы жұмысына табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Испания, Италия және Израиль елшілерімен бөлек кездесулер өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Испания Корольдігінің Елшісі Давид Карриедомен кездесу барысында Министр М. Тілеубердінің ү.ж. 5-6 шілдеде Мадридке жасаған ресми сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асыруына ерекше назар аударылды.
Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннермен жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.
Израиль Мемлекетінің Елшісі Лиат Вексельман кездесуде өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.
Соңында Министр шетелдік дипломаттарға белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстап, олардың алдағы жұмысына табыс тіледі.