Фото: ҚМДБ
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 маусымда Астана қаласындағы Бас мешітке зиярат жасады, деп жазады Stan.kz.
"Зиярат аясында Нұрсұлтан Әбішұлы өмірден өткен әулетінің марқұмдарына құран бағыштап, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады", – деп жазды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Діни басқарманың хабарлауынша, экс-президент бас мешіттің ел руханиятындағы орны мен маңызына тоқталып, имандылық пен ұлттың бірлігін нығайтудағы қызметіне сәттілік тіледі.
Мүфтияттың ресми сайтында Назарбаевтың мешітте жүргенде түсірілген бірнеше суреті жарияланды.
Экс-президентті мешіт қызметкерлері мен күзетшілер ертіп жүрді. Оның қасына жақындауға рұқсат жоқ. Қоршаудың арғы жағындағы халық оны суретке түсіріп тұрды.