Біртанов: Жұқпалы аурулар ауруханаларының біразы талапқа сай емес

0
1 210

Біртанов бұған қоса осы аптаның соңына дейін Алматы қаласы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармалары ауруханаларды науқастарды тіркелген жері мен тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдауға міндеттейтін бірлескен бұйрық шығаратынын айтты.


Біртанов: Жұқпалы аурулар ауруханаларының біразы талапқа сай емес

Алматы қаласы мен Алматы облысында сапарлап жүрген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыстағы кейбір жұқпалы аурулар ауруханалары талапқа сай емесін айтты деп хабарлады Азаттық.

- Денсаулық сақтау министрлігінің көп салалы ауруханалардың барлығында жұқпалы аурумен ауыратын науқастарға арналған төсектер болуы тиіс деген стандарты бар. Алматы облысының ауруханаларында бұл талап сақталмаған. Сондықтан науқастар Қаскелеңге жіберіліп отырған. Мен бүгін барлық ауырханаларда төсектер қоюға тапсырма бердім. Алматы облысының әкімдігінің көмегімен, барлық аудандық ауруханаларда инфекциялық бөлімдер ашылып, төсектер қойылып жатыр, - деді Елжан Біртанов.

Министрдің сөзінше, елде менингококк эпидемиясы жоқ. Дегенмен, "адамдар, әсіресе балалар көп шығарланатын жерлерге баруға, жазғы лагерь мен мектеп ішіндегі демалыс лагерлерін әзірге жаба тұру" туралы кеңес берілген.

Біртанов бұған қоса осы аптаның соңына дейін Алматы қаласы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармалары ауруханаларды науқастарды тіркелген жері мен тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдауға міндеттейтін бірлескен бұйрық шығаратынын айтты.

Министр Елжан Біртанов Алматыға кеше, қала мен облыста соңғы күндері бірнеше адам менингиттен көз жұмған соң келіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, республикада 59 адам менингококк инфекциясын жұқтырып, оның 13-і қайтыс болған. Қатерлі дерттен қайтыс болғандардың алтауы - Алматы қаласының, төртеуі - Алматы облысының тұрғындары.