Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қатысты тексеріс жүргізіледі – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

0
467

Журналистер министрден егер ресми заңды неке тіркелмесе, ерлі-зайыптылар мұсылмандық неке рәсімін қалай орындай алғаны туралы түсініктеме беруін сұрады.


Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қатысты тексеріс жүргізіледі – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

ERNUR.KZ. Әділет министрі Азамат Есқараев Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың заңды некеде болмай тұрып қалай мұсылмандық неке қиғанына байланысты сұраққа түсініктеме беруден бас тартты. Ал ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі мәліметті жан-жақты тексерейік деді, деп жазады stan.kz.

Журналистер министрден егер ресми заңды неке тіркелмесе, ерлі-зайыптылар мұсылмандық неке рәсімін қалай орындай алғаны туралы түсініктеме беруін сұрады.

"Бұл мәселені никах рәсімін өткізетін уәкілетті органмен талқылау қажет. Қылмыстық іс бойынша мен түсініктеме бергім келмейді. Уәкілетті органдар-діни бөлімдерді білдіреді. Нақтылап алған соң ғана тиісті жауап берейік", – деді министр.

Ал ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақовтың сөзінше, діни рәсімдерді орындаған кезде имамдар қазір ерлі-зайыпты болғысы келетін адамдардың ресми неке куәлігін талап етуі қажет.

“Мен Бишімбаев неге екі рет неке қиғанын түсініп тұрған жоқпын. Біз бұл фактті тексереміз. Содан кейін сізге жауап беремін”, – деді министр орынбасары.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Ал сот тыңдалымының бірінде Нүкенованың көмекшісі Агнар Тасова Салтанаттың Бишімбаевпен алғашында кездескісі келмегенін жеткізді.