Бишімбаевтың адвокаттары істі басқа судьяның қарауын талап етті

0
532

Себебі, судья сотқа шақырылмаған куәлардың айғақтарын оқуға рұқсат берген.


Бишімбаевтың адвокаттары істі басқа судьяның қарауын талап етті

ERNUR.KZ. Астанада аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесі бүгін де жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты судья Айжан Көлбаеваға наразылық білдірді.

Сот барысында судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырып жатырсыз деп ескерту жасаған.

Судья Бишімбаев тарапының кезекті өтінішін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда судья оны қосуды бас тартты. Осыған байланысты сотталушының адвокаты судьядан бас тарту туралы өтініш жасауға шешім қабылдаған.

Судья алқабилерге сот залынан шығуды сұрады. Бұдан кейін трансляция тоқтатылды.