Журналистер кеше де сот залына кіре алмаған.
ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдауға қатыса алмаған журналистер сот ғимаратына полиция шақырды, деп жазады ulysmedia.kz.
БАҚ өкілдері сот әкімшілігі қылмыстық кодекстің 158 бабын бұзып, журналистердің жұмысына кедергі келтірді деп есептейді. Кешегідей бүгін де бірде-бір журналист сот залына кіре алмады. Сот залының есігінің алдында тұрып алғанымен, айыпталушыны сот залына басқа есікпен кіргізгені анықталды.
Сот әкімшілігі журналистерге залдың тарлығын, кісі сыймайтынын айтып, аргумент келтіреді. Сонымен бірге, сот басталар алдында 3-4 минут ішінде сот залынан фотолар мен видеоларды түсіріп алуға да рұқсат берілмей отыр.
Еске сала кетейік, журналистер кеше де сот залына кіре алмаған.


