Биыл 6 бала өз жақындарының қолынан ажал құшқан

0
899

Аталған проблеманы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерді.


Биыл 6 бала өз жақындарының қолынан ажал құшқан
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері ел бойынша 25 бала мерт болған, оның ішінде 6 бала өз жақындарының қолынан өліп отыр, деп жазады inform.kz.

Аталған проблеманы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерді.

«Бүгін 7 жасар қыз қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — қыздың анасы. Отбасының қалған бала-шағасы балаларды қолдау орталығына орналастырылады. Тергеу барысында осындай істердің 70 пайызына айналасындағы адамдар куә болғаны, бәрін көріп жүргені белгілі болады. Олар отбасындағы ауыр жағдайды білсе де, араласқысы келмей немесе қорқып айтпайды екен. Егер балаларға қауіп төніп тұрғанына куә болсаңыздар, „111“ немесе „102“ нөміріне хабарласыңыздар», — деп жазды Динара Зәкиева Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Президент тапсырмасымен балаларды қорғау заңнамасына енгізілген өзгерістердің маңызы зор.

Ол жерде бала құқығын қорғауда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заңнамаға бас-аяғы 109 өзгеріс енгізілген.

«Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік зертхана аштық. Келесі мәселе — кадр керек. Заң қабылданған соң оның орындалуын қадағалауымыз қажет. Қазір 6,8 млн балаға 303 әлеуметтік қызметкерден келеді. Демек 1 қызметкерге — 22 мың бала. Әлемдік практикада 1 қызметшіге 5 мыңнан артық бала берілмейді. Бұл мәселені қазір Оқу-ағарту министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз. Ертең — халықаралық бала күні. Осыған орай 111 жедел желісі туралы ақпаратты барынша таратуды сұраймын», — дейді ол.