Биылғы талапкерлерге қосымша 150 грант бөлінді

0
431

ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.


Биылғы талапкерлерге қосымша 150 грант бөлінді

ERNUR.KZ. Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» білім гранты тағайындалады, деп жазады baq.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі білім грантын иеленудің негізгі талаптарын атады. Атап айтқанда:

ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.

Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;

Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.

Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер;

Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

Бір ескерте кететін жайт егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.