Биылғы ҰБТ-да талапкерлердің 72%-ы шекті ұпай жинады

0
120

Ең жоғары нәтиже – 140 балл.


Биылғы ҰБТ-да талапкерлердің 72%-ы шекті ұпай жинады

Фото: Білімді ел

ERNUR.KZ. Бүгінге дейін негізгі ҰБТ аясында 326 мың рет тест тапсырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер ҰБТ-ға қатысты.

Тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылды, оның ішінде:

260 талапкер тыйым салынған заттарды алып өткені үшін тестілеуге жіберілмеді;

289 адам тестілеу кезінде ереже бұзып, аудиториядан шығарылды;

бейнежазбаны тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Пәндік комбинация таңдауда талапкерлердің:

18%-ы "Математика-Физика",

16%-ы "Биология-Химия",

13%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.

Негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады.