Облыстың басқа өзендерінде де су деңгейі біртіндеп өсіп жатыр.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында Деркөл өзенінде су деңгейінің күрт көтерілгені байқалады, деп жазады inform.kz.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, аталмыш өзенде су деңгейі кеше Бәйтерек ауданы Зеленый ауылы тұсында небәрі 2 см жоғарылап, 120 сантиметрге (қауіпті шегі – 450 см) жеткен еді. Бүгін таңғы 08.00-дегі мәлімет бойынша су деңгейі бірден 130 см көтеріліп, 250 сантиметрге жетті.
Сондай-ақ Деркөлдегі су деңгейі Белес елді мекені тұсында 301 см (бір тәуліктегі өсім – 66 см, қауіпті шегі – 600-650 см), Тасқала ауданы Тасқала ауылында 399 сантиметрді (+111 см, қауіптісі – 520 см) көрсетті.
Облыстың басқа өзендерінде де су деңгейі біртіндеп өсіп жатыр. Орынбор облысындағы Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне бұрынғыша секундына 201 текше метр су жіберіліп жатыр.