БҚО-да кезекші сыныпта оқитын екі оқушыдан коронавирус анықталды

0
784

Қазіргі уақытта ауырған екі оқушы үй жағдайында ем алып жатыр.


БҚО-да кезекші сыныпта оқитын екі оқушыдан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы мектепте кезекші сыныпта оқитын екі оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Екеуі де бір үйдің балалары. Олардың індетті әкесінен жұқтырғаны анықталды, деп жазады Хабар-24.

Дене қызуының көтерілуіне байланысты балалар емханаға қаралған. Сыныптағы өзге оқушылар мен мұғалімдердің де сынама алынды. Әзірге ешқайсысынан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Қазіргі уақытта ауырған екі оқушы үй жағдайында ем алып жатыр.

"Сол мектептегі оқушылар қашықтан оқуға жіберілді. Мектепте үйдегі болған жағдайға байланысты дезифекциялық шаралар өткізілді. Жалпы қазіргі кезеңде барлық мектептерде ерекше тәртіп бойынша жоспарлы түрдегі тексерістер жүргізіліп жатыр. Сол кездерде осы санитариялық, дезинфекциялық ережелерді сақтау мәселесінің бәрі қаралады. Арақашықтық сақтау, бетперде кию мәселелері тексеру кезінде бәрін қамтимыз" - Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.