Өрт себептері анықталып жатыр
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жек үйдің аумағында алапат өрт шықты. Тілсіз жау үш сағаттан кейін сөндірілді, деп жазады ҚазАқпарат.
«15 қаңтар күні сағат 02:08-де Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты кентінде жеке үй аумағындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Аумағы 210 шаршы метр болатын мал қорасы отқа оранып, ондағы 17 сиыр қырылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Тілсіз жау таңғы 4:35-те тоқтатылып, 5:15-те толық сөндірілген. Оған БҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 12 адам мен 2 техника жіберілді.
«Төтенше оқиғадан адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт себептері анықталып жатыр», - деді Н. Нұрахметов.