БҚО-да мектеп оқушылары сабақ барысында өзін-өзі өлтіруге үгіттейтін сайттарға кірген

0
5 078

Осы жағдайға байланысты 14 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


БҚО-да мектеп оқушылары сабақ барысында өзін-өзі өлтіруге үгіттейтін сайттарға кірген

ERNUR.KZ. БҚО-да мектеп оқушылары информатика сабағында суицид пен зорлық-зомбылыққа итермелейтін сайттарға кіріп келген, деп жазады stan.kz.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы мектеп оқушыларының информатика сабағында интернетте тыйым салынған контенті бар сайттарға, атап айтқанда, суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіретінін анықтаған.

Осы жағдайға байланысты 14 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Осылайша, жіберілген заң бұзушылықтар үшін облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу” бабы бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Енді аудандағы барлық мектептерде оқушылардың мұндай сайттарға кіру мүмкіндігі шектеледі.