БҚО-да жеке сот орындаушы тергеліп жатыр

0
84

Тергеп-тексеру барысы прокуратураның бақылауында.


БҚО-да жеке сот орындаушы тергеліп жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп жазады Zakon.kz.


Құзырлы органның мәліметінше, жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде түскен ақшалай қаражатқа билік ету тәртібін бұзып, өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңгені аудармаған, сондай-ақ 9,8 млн теңгені негізсіз үшінші тұлғаның шотына аударған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеп-тексеру барысы прокуратураның бақылауында.

Тергеу нәтижелері бойынша қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңда көзделген шаралар қабылданатын болады.