Болашақта су мұнайдан да қымбат болуы мүмкін

0
833

Су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше шақырымға дейін жетуі мүмкін.


Болашақта су мұнайдан да қымбат болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"БҰҰ бағалауы бойынша, бүгінде жер шарының әрбір бесінші тұрғыны су тапшылығын сезінуде. Бұл ретте БҰҰ Бас хатшысы болашақта су мұнайдан да қымбат және маңыздырақ болатынын айтқан болатын, бұл болжам бүгінде шындыққа айналды", – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері мамандардың бағалауы бойынша жыл сайын адамзаттың су ресурстарына деген қажеттілігі шамамен 1% артып отырғанын атап өтті.

"Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігі су ресурстарымен жеткілікті қамтамасыз етілуіне байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің су ресурстарын пайдалану және қорғау тиімділігін арттыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті екенін бірнеше рет атап өтті. Қазақстанда халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша 2040 жылға қарай су тұтыну 46% артып, су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше шақырымға дейін жетуі мүмкін", – деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша бұған ықпал ететін факторлардың көп.

"Халық санының өсуі, экономикалық дамудың ерекшеліктері және басқа да бірқатар себептер ықпал етеді. Жылдан жылға өнеркәсіптік және тұрмыстық сектордағы тұтыну өсуде. Ауыл шаруашылығы суды ең көп тұтынушы болып қала береді", – деп қосты Ерлан Қошанов.