Банктің тәуелсіз директоры Торстен Полдың өкілеттіктері бір жылға ұзартылды.
ERNUR.KZ. "Bank RBK" АҚ ационерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Болат Жәмішев Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды, деп жазады zakon.kz.
Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен Болат Жәмішев "Bank RBK" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Банктің Директорлар кеңесінің басшысы қызметіне тағайындалған, жоғары мемлекеттік қызметтерде және қаржы секторында басшылық жұмыстың ауқымды тәжірибесін иемденетін Болат Жамишев қаржы институтын стратегиялық дамыту және еліміздің ең орнықты, тұрақты және сенімді банктерінің бірі ретінде оның позицияларын нығайту мәселелері бойынша жетекшілік етеді.
Сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банктің тәуелсіз директоры Торстен Полдың өкілеттіктері бір жылға ұзартылды.
Осылайша, жүзеге асырылған өзгерістердің ескерілуімен, Банктің Директорлар кеңесі келесі құрамда қалыптасты: Болат Жәмішев (ДК төрағасы), Наталья Акентьева, Мұсабек Әлімбеков, Болатбек Жайназаров, Торстен Пол (ДК мүшелері).
Болат Жәмішев, экономика ғылымдарының кандидаты, әр жылдары атап айтқанда, келесі лауазымдарды атқарған:
ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы;
Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасының орынбасары;
ҚР Қаржы министрі;
ҚР Аймақтық даму министрі;
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы.