Ақпанда Болат Жәмішев Цеснабанк директорлар кеңесінің құрамына кірді.
ERNUR.KZ. Болат Жәмішев Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы қызметінен кетіп жатыр, деп жазады тengrinews.kz.
Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Бұл Қазақстанның Даму банкі басқармасының төрағасы ретіндегі соңғы баспасөз мәслихаты. Осы банктің басқарма төрағасы ретінде бес жыл бойы қызмет еттім. Мен осы айда өз еркіммен банктен кетуді ұйғардым. Сонымен қатар мен Цеснабанк тәуелсіз директорымын. Әзірге бұл менің негізгі жұмыс алаңым болады", - деді Жәмішев.
Ақпанда Болат Жәмішев Цеснабанк директорлар кеңесінің құрамына кірді. Болат Жәмішев Қаржы министрлігін (2007-2013 жылдар), Өңірлік даму министрлігін (2013 - 2014 жылдар) басқарды, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы болды (2004-2006 жылдар). Экономика ғылымдарының кандидаты.