Тергеу әлі де аяқталу кезеңінде тұр.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы наурыз айында болуы мүмкін. Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Сот наурыз айында болады деп бағамдаймын, мүмкін одан ерте не кеш болар. Тергеу әлі де аяқталу кезеңінде, әрі қарай тараптарға танысып шығуға уақыт беріледі. Оның үстіне бізде 11 күдікті мен олардың адвокаттары бар, олар да танысып болған соң талап-арыз беруі мүмкін. Одан кейін прокуратураның қарауына және процессуалдық бұзушылықтарды тексеруге беріледі, сотқа жіберіліп, судья анықталады», - деп жазды Айтбек Амангелді Instagram парақшасында.
Еске салайық,Талғарда 4 қазан күні төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан еді. Кейін марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзіне қол салып көз жұмғаны белгілі болды.