Боранбаевтың бұрынғы қонақүйін сату мүмкін болмады

0
663

Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға сатуға рұқсат етілген, бірақ қонақүйді сатып алғысы келетіндер болмады.


Боранбаевтың бұрынғы қонақүйін сату мүмкін болмады

ERNUR.KZ. Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені саудасы өтпеді, деп жазады tengrinews.kz.

Сауда Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасы және қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер түрінде өтуі тиіс болатын. Қонақүйдің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 миллион теңге болады.

Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға сатуға рұқсат етілген, бірақ қонақүйді сатып алғысы келетіндер болмады.

"Сауда басталған кезде тізілім веб-порталында қатысушылардан қабылданған өтінімдер жоқ", - делінген электронды сауда алаңының порталында.