Бос жатқан 18 млн гектар жер анықталды

0
563

Биыл мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарлануда.


Бос жатқан 18 млн гектар жер анықталды

ERNUR.KZ. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтаған. Олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылған, деп жазады inbusiness.kz.

Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсеткен. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

"Бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады. Жағдайды жақсарту үшін биылғы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарлануда", – деп жазылған ресми мәліметте.

Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекіткен. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеу үшін қолға алынған шара.

"Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.