Бояу тиелген фураның жолдың үстінде аударылып қалғаны жайында әлеуметтік желіде видеожазба тараған.
ERNUR.KZ. Бүгін «Астана-Петропавл» автожолында көп көлемде бояу алып келе жатқан жүк көлігі аударылып, оған қатысты полиция іс қозғады, деп жазады ulysmedia.kz.
Ақмола облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға бүгін, 21 шілдеде күні болды.
«Биылғы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді ведомстводан.
Ал тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін барынша сақтауға шақырып отыр.
Бұған дейін бояу тиелген фураның жолдың үстінде аударылып қалғаны жайында әлеуметтік желіде видеожазба тараған.