Бүгін – елімізде алғыс айту күні

0
635

2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған.


Бүгін – елімізде алғыс айту күні

ERNUR.KZ. 1 наурыз барша қазақстандық алғыс айту күнін атап өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Осылайша сол жылдан бастап елімізде «Алғыс айту күні» халық мейрамы ретінде аталып өтеді. Қазақта «қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Адамның шынайы ризашылығына бөлену рухани дем береді.

Қазақстан – көптеген ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.

Осы мерекеде бірі ата-анасына алғыс айтып жатса, екіншісі Отаны мен бұқара жұртқа ықыласын білдіріп жатады. Сонымен қатар атаулы мейрам күні барлық өңірде түрлі форматтағы мәдени және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпаратына сәйкес, бүгін мерекеге орай елордадағы Достық үйінде республикалық телекөпір өткізу жоспарланып отыр. Оған еліміздегі барлық Достық үйінен 400-ден астам адам қатысады деп күтілуде.