"Бүгін ит, ертең адам": Итті аяусыз таспен ұрған балалар көпшілікті шошытты (видео)

0
1 983

Қазір еріктілер үй жануарына жаңа үй қарап жатыр.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанға жақын маңда орналасқан Талапкер ауылында үш бала итті бағанға байлап қойып, таспен ұрған. Адам шошырлық видео Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында пайда болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балаларға не болған? Балалардың қолынан осындай іс келе ме? Ата-аналар балаларын қатігездікке үйрете ме?
Біз иттер балаларға шабуыл жасайды дейміз. Олар (иттер) осындайдан агрессивті екен ғой. Сіздер балаларыңызға не үйретіп жүрсіздер, олар болашақта кім болады? Балалар-біздің болашағымыз. Бүгін-ит, ал ертең-адам", - дейді ару.
Ол ата-аналардан балаларына сүйіспеншілікті үйретуді сұрады.
Балалардың қатігездігіне желі қолданушылары да таң қалған. Олар қорғансыз жануарға осындай қарым-қатынас жасаған балалар дұрыс тәрбие алмаған деп топшылаған.
"Баланың барлық әрекеті жанұядан", "Бұлай қалдыруға болмайды, балалармен сөйлесу керек. Мұндай балалар үшін ұяламын Балалардың тірі тіршілік иесіне аяушылығы болмаса олардың үйінде де жауыздық билеп тұр", "Ата-аналар балаларға жануарларға мейірімділікпен қарауды үйретуі керек! Артынан иттер шабуыл жасады деп арызданады! Ашуымды жеткізу мүмкін емес! Тәрбие жоқ", - деп жазды жұрт.
Одан бөлек, видеоны көрген жұрттың көп бөлігі "болашақ садистерді" жазалау қажеттігін айтты.
"Полиция итті ұру бойынша арыз қабылдамайды. Бірақ, қандай да бір шара қолдану керек. Мына балалардың ата-аналарын, жанұяларын тексеріп, бақылау қажет. Бұлар болашақта заңға бағынатын азаматтар болатынына сенбеймін", - дейді оқырмандар.
Итті қорғап қалған қыздың есімі Кристина. Ол досын шақырып, балаларды қорқытуды сұраған.
Бойжеткеннің сөзінше, ит еш өшікпей, адамдарды өзіне жақындатқан. Қазір еріктілер үй жануарына жаңа үй қарап жатыр.
Назар аударыңыз! Бейнежазбада қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар және кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ психикасы тұрақсыз адамдарға көруге ұсынылмайды!