Бурабайда демалып жатқан 14 бала тамақтан уланып қалды

0
390

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілген.


Бурабайда демалып жатқан 14 бала тамақтан уланып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай ауданына демалуға барған 14 бала улану белгілерімен ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz.

22 маусымда сағат 01:00-ден таңғы 06:15-ке дейін аурухананың қабылдау бөліміне жүгінген 14 баланың барлығы 8-17 жас аралығында екен. Балалар "Тұмар Халал" қонақ үйінде тұрған.

"Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың барлығы 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты – жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген, қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т.б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгіне бастаған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады", – деді "Авицена-Бурабай" ЖШС басшысы Евгений Бекаев.

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілген. 12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды.

Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Құсуға қарсы инъекция мен антиспазмодик берілді.