Денесінде терісі сыдырылған жерлер табылған.
ERNUR.KZ.Бурабай демалыс орнында зәулім қонақ үйге жақын жерде велосипедшінің денесі табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.
Бурабай ауданындағы курорттық аумақта қонақ үй жанынан ер адамның мәйіті табылған. Марқұм – Астана тұрғыны, 1959 жылы туған. Бастапқы деректер бойынша, велосипедпен келе жатып, көз жұмған.
Денесінде терісі сыдырылған жерлер табылған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Болжам бойынша, велосипедшіні көлік қағып кеткен.