​Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

0
89

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті.


​Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп жазады inform.kz.

— Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді, — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ агенттіктің ресми өкілі тергеу «құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, қылмыстың істің мән-жайы жариялауға жатпайтынын ескертті.

Айта кетсек, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті.