Бұрынғы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды

0
122

Есмағамбетова енді әлеуметтік саланы қадағалайды.


Бұрынғы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды

Фото: Primeminister.kz

ERNUR.KZ. Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оның кандидатурасын президент әкімшілігі мақұлдады, деп жазады stan.kz.

Есмағамбетова енді әлеуметтік саланы қадағалайды.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын гигиена, санитария, эпидемиология мамандығы бойынша, инновациялық Еуразия университетін бизнесті басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Пандемия кезінде ол денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қызметін атқарды, содан кейін қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы болды.