Буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай қайтыс болды

0
120

Бұл жайлы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар мәлімдеді.


Буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай қайтыс болды

Фото: instagram/aidos_toktarbai

ERNUR.KZ. Халық арасында буынсыз адам атанып, танымал болған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай өмірден озды, деп жазады inbusiness.kz.

"Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері", – деп жазды Рахман Омар.

Еске салайық, бұған дейін цирк әртісі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, немен айналысып жүргенін айтқан болатын.

"Пандемия кезінде ауылға барып мал бақтым. Кейін түрлі жобаларға қатыстым. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым", – деді ол.