Былтыр пандемия кезінде 1414 байланыс орталығына 34 млн-нан астам қоңырау түскен

0
390

Салдарынан техникалық ақаулар да жиі қайталанып отырды.


Былтыр пандемия кезінде 1414 байланыс орталығына 34 млн-нан астам қоңырау түскен

ERNUR.KZ. Пандемия кезінде 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ХҚО-ның 2000-ға жуық қызметкері тартылды. Бүгінде байланыс орталығының жұмыс қағидаты қайта қаралды. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Мәжілістің Үкімет отырысында айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Былтыр елімізде КВИ-дің таралу көрсеткіші артып, өңірлерде қатаң карантин жарияланған уақытта ББО-ға 34 млн-нан астам қоңырау түсті. Салдарынан техникалық ақаулар да жиі қайталанып отырды.

«Тұтастай алғандай ББО-ның жұмыс тәсілдері қайта қаралды. Бұған дейін 1414 ББО «ҰАТ» АҚ-да болды. Қазір оны мемлекеттік қызмет көрсету корпорациясына бердік. Қазірдің өзінде оң нәтижеге қол жеткізілді деп айтуға болады. Мысалы, қоңырауға жауап күту уақыты төмендеді (304-тен 16 секундқа дейін), қоңыраулар пайызы өсті (69%-дан 99,1%-ға дейін) және т.б. сонымен қатар, ынталандыру мақсатында операторлардың жалақысы өсті. Олар 100 мыңнан 170 мың теңгеге дейін ұлғайды», - деді ведомство басшысы.

Бүгінде Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер мен сервистер бойынша кеңес береді, вакцинация, Ashyq қосымшасы, ХҚО қызметі, (Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс), «e-Otinish» сервисінің жұмысы бойынша ақпарат ұсынылады, ХҚО-да қызмет көрсетуге шағымдар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге өтінімдер қабылданады.