Чипі жоқ бір үй жануары үшін 49 мың теңге айыппұл салынады

0
940

Чипі жоқ бір ит үшін 49 мың теңге айыппұл салынады.


Чипі жоқ бір үй жануары үшін 49 мың теңге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстанда чипі жоқ үй жануарларының иелеріне айыппұл салына бастады, деп жазады sputnik.kz.

Өңір басшысы Ғали Исқалиев облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында үй жануарларын ұстау, дәлірек айтқанда иттер мен мысықтарға чип орнату ережелерінің сақталуына мониторинг жүргізу қажет екенін мәлімдеді.
Айтуынша, егер үй жануары көшеде чипсіз жүрсе, оны қаңғыбас деп танып, кейін зарарсыздандырылады немесе піштіріледі. Ал егер ауыратыны анықталса, онда өлтіреді.
"Чиптің көмегімен иттің иесін анықтауға болады. Қазір үй жануарлары иелеріне айыппұл салына бастады. Чипі жоқ бір ит үшін 49 мың теңге айыппұл салынады. Бұл аз ақша емес, сондықтан оларды чиптеген дұрыс. Оның үстіне процедура 500 теңге тұрады, ал үйге барып жасау 1200-1700 теңге", - деді Исқалиев.