"Қызыл" аймақта тек бір өңір бар.
2021 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оған сәйкес:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
- "Сары" аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары;
- "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан.
Еске салайық, 8 маусым күні "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы орналасқан болатын.


