COVID-19: Қазақстан "жасыл" аймақта

0
900

Қатаң шектеу шараларын енгізу көзделген "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады.


COVID-19: Қазақстан

ERNUR.KZ. Қазақстанның COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша "сары" аймақтағылар саны үш аймаққа қысқарды, қалғандарының барлығы "жасыл аймақта" деп жазады inbusiness.kz

Бейсенбіде ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қатаң шектеу шараларын енгізу көзделген "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады.

Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта, бұл ағымдағы карантиндік шараларды сақтауды және олардың сақталуына бақылауды күшейтуді көздейді.

"Жасыл" аймақта Қостанай облысы, Алматы және Шымкент, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ "сары" аймақтан көшкен Нұр-Сұлтан қаласы бар.