Дағыстанда суға батып кеткен қазақстандық үш күннен бері табылмай жатыр

0
515

Ислам (47 жаста) Дағыстанға отбасымен бірге демалысқа кеткен.


Дағыстанда суға батып кеткен қазақстандық үш күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстаннан отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған туристі Каспий теңізінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Үш күннен бері ол туралы бірде бір хабар жоқ, деп жазады stan.kz.

Ислам (47 жаста) Дағыстанға отбасымен бірге демалысқа кеткен. Ол ингушетиялық, бірақ көп жылдан бері Қазақстанда тұрады. Жоғалғанға дейін турист Ізбербашта сапборд мініп келе жатып, 19 жастағы Мирза мінген гидроцикл сүйреп келе жатқан тақтайшаға соғысқан.

Құтқарушылар төрт адамды судан шығарса, біреуі өз бетімен жағаға көтерілген. Үшеуі, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді. Кеудеше кимеген жалғыз Ислам. Құтқарушылар оны әлі іздеп жатыр. Гидроцикл жүргізушісі ұсталып, өмірге қауіп төндіретін қызмет көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 4 адам суға батып қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 3 тамызда облыс орталығы Әйтеке би ауданындағы Т.Жүргенов ауылынан 2 шақырым жерде болған.