Данияр Талғатұлы 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында туған.
Тұңғыш Президент-Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Данияр Талғатұлы 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында туған.
1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы - банк ісін ұйымдастыру).
Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.
1996-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003-2007 жылдары осы департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз - 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2015-2019); ҚР Президентінің кеңесшісі болды.
Соңғы лауазымына 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған.