​Дәрет сындыру үшін арбасынан тұрып кеткен қайыршы мүгедек жауапқа тартылды

0
2 902

Ұсталған қайыр сұраушы 58 жастағы ер адам Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты.


​Дәрет сындыру үшін арбасынан тұрып кеткен қайыршы мүгедек жауапқа тартылды

фото: turkystan.kz

ERNUR.KZ. 9 қаңтар күні Атырау қаласы полицейлері таспасының назарына мүгедек арбасына таңылған күдікті ер адам іліккен. Жанына барған учаскелік полицей әлгі ер адамның мүгедектер арбасынан еш қиындықсыз тұрып, көшеде дәрет сындырып отырғанын көреді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұсталған қайыр сұраушы 58 жастағы ер адам Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 434-бабы (Қоғамдық тәртіпті бұзу) және 449-бабы (Қайыр сұрау) бойынша екі хаттама толтырылды», - деп баяндады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі кезде ұсталған ер адам есімін және тұрғылықты жерін анықтау үшін 2-ші қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Бұдан бөлек, қайыршы мүгедектігін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтеді», - деп нақтылады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.