Дәретханада жас қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

0
1 411

Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Дәретханада жас қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматыда сот «Медеу» мұз айдынының дәретханасында зорланған қызға қатысты істің нүктесін қойды. Сотталушы кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол судьяның үкімді оқуына кедергі келтірмек болды. Тіпті, сол жерде шу шығарған ер адамды күзетшілер әрең тыныштандырды, деп жазады Stan.kz.

ҚР ҚК «Зорлау» бабы бойынша айыпталған ер адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, пробация кезіндегі әрекеті үшін судья оған тағы 1 жылға бостандығынан айыру жазасын қосты.

Сот үкімі оқылған кезде сотталушы сот залында болмады. Ол бағынбағаны үшін залдан шығарылды.

Алайда жәбірленуші сот шешімімен келіспейді. Ол сотталушыға берілген мерзімнің аз екенін айтты.

«Оның әйелі: «Өз болашағыңды ойла. Ертең тұрмысқа шығасың. Сені табамын», - деген сияқты сөздер, айтып қорқытты. Күйеуі әзірге қамауда болады. Алайда әйелі мені жайыма қалдырмайтынын айтты. Көшіп кететін шығармын», - дейді жәбірленуші.