"Дәретхананы тазаламағаны үшін": Желіде Атбасар қаласындағы түрмеде сотталушыларды соққыға жыққан видео тарады

0
865

Сотталушылардың бірінің бейджінде белсенді Тимур Дәнебаевтың есімі жазылған.


ERNUR.KZ. Журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялады, деп жазады stan.kz.

Сотталушылардың бірінің бейджінде белсенді Тимур Дәнебаевтың есімі жазылған.

"Бұл жігіт оңай құтылды. Дәл осы Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде карантиндік бөлмеде мені 10 күн бойы адамның миына кіріп шықпайтын деңгейде азаптады. Колония ішінде ұрып-соғып, кейін күрделі түрде азаптау үшін қайтадан карантинге жауып тастады. Газетте шындыққа негізделген мақала жариялағаным үшін 3 жыл 10 айға осы тозақ колонияға жіберілдім", – деп жазды журналист.



Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұрауда. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берді. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұра бастайды.

Оқиға бойынша мәліметтер нақтыланып жатыр.