"Дәрі еккеннен кейін қайтыс болды": Нұр-Сұлтан ауруханасында тергеу басталды

0
2 361

​Қайғылы оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында болған.


ERNUR.KZ. Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дәрі салғаннан кейін науқастың қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде елордада медициналық мекемелердің бірінде 33 жастағы әйелдің қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Науқас инъекциядан (денеге инемен дәрі жіберу) кейін анафилактикалық шок алып, қайтыс болған.

Фото заключения судмедэксперта о смерти пациентки от анафилактического шока


Анафилактикалық шоктан науқастың қайтыс болғаны туралы медициналық сараптаманың қорытындысы

"Жоспарлы түрде, квота бойынша жергілікті емханаға "ревматоидты артрит" диагнозымен түсті. Бір инъекциядан кейін анафилактикалық шок алып, қайтыс болды", - делінген фото сипаттамасында.

Осылайша, науқастың травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының пациенті екені анықталды. Олар 2021 жылдың 8 қаңтарында ауруханада әйелдің қайтыс болғанын растады.

"Институт ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Осы жағдай бойынша уәкілетті органдар комиссия тағайындады, әділет министрлігіне есеп беретін органдар сот сараптамасын жүргізді. Халыққа жедел медициналық көмек көрсету саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті ұжым үшін бұл жағдай резонанс болып отыр", - деді орталықтың баспасөз хатшысы Дана Уанбаева.

Ол тергеу мүддесі үшін науқастың жеке мәліметтері мен ауру тарихы жарияланбайтынын айтты.

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты – 360 адамға арналған ірі ғылыми-клиникалық орталық. Бұл жерде республиканың барлық аймағынан келген 200 мыңнан астам науқасқа медициналық көмек көрсетілген.