Дәрігер Шумковты өлтірді деген күдікті оның бұрынғы емделушісі болған – Алматы полициясы

0
2 875

Юрий Шумковтың туыстары оның дұшпандары болмағанын айтқан.


Дәрігер Шумковты өлтірді деген күдікті оның бұрынғы емделушісі болған – Алматы полициясы

ERNUR.KZ. Алматының полиция департаменті 4 сәуір күні қайтыс болған дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деген күдіктінің оның емделушісі болғанын растады, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін оққа ұшқан дәрігердің әріптестері оны өлтірген күдіктінің оның емделушісі болуы мүмкін деген болжам жасаған.

6 сәуір ақтық сапарға шығарып салған Юрий Шумковтың туыстары оның дұшпандары болмағанын айтқан.

Еске салайық, белгілі алматылық гастроэнтеролог Юрий Шумковты 4 сәуір күні таңертең көлік тұрағында атып кеткен. Дәрігер осы маңда тұрып, әйелі екеуі автотұрақта екі орынды жалға алған.

Қайғылы оқиға болған күні ер адам өзі тұратын жақын маңдағы көлік тұрағына барған. Видеода қаскүнемнің дәрігерге екі рет оқ атқанын көруге болады. Осыдан кейін капюшонын шешіп, өзін күтіп тұрған көлікке қарай жүреді. Күдіктіні көп ұзамай қолға түсіп, тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін Алматы полициясы қайғылы оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялаған болатын. Бейнежазбада күдіктінің ұсталған сәті мен оқ атқан адамның ққолданған қаруы да көрсетілген.