Министрлік заң жобасын күздің соңына дейін қабылдайды деп болжап отыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Вице-министрдің сөзінше, ведомство заң жобасын күздің соңына дейін қабылданады деген болжам бар.
«Біріншіден, медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасау бойынша жеке бап енеді. Екіншіден, жаза қатаңдайды, айыппұл мөлшерінен бастап бас бостандығынан айыру мерзіміне дейін жаза күшейеді», – деді Сұлтанғазиев.
Ол атап өткендей, медицина қызметкерін ауыр жаралағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.