Дәрігерлерге үстемақы қайта төленеді – Цой бұйрық дайындалып жатқанын айтты

0
543

Үстемақы төленетіндердің нақты тізімі бар.


Дәрігерлерге үстемақы қайта төленеді – Цой бұйрық дайындалып жатқанын айтты

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігерлерге төленетін үстемақыға қатысты түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

Президент бюджетімізде бекітілген төлемдердің тұрақты шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл сәйкесінше қауіпті аймақтарға тікелей қатысы бар азаматтар санатына қатысты болады. Яғни ол коронавирусқа емес, жұқпалы аурулармен жұмыс істейтін агенттермен байланысты болады. Мысалы, менингит, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы, - деді министр.

Цойдың айтуынша, бізде инфекциялық аурулар ешқайда кеткен жоқ, олар бар. Көп ауру коронавирусқа қарағанда өте қауіпті.

Үстемақы төленетіндердің нақты тізімі бар. Ол бойынша нақты ақпараттар анықталып, қосымша хабарланады. Әр категория бойынша қанша қаржы төленетіні анықталады. Менің ойымша, осы желтоқсан айында бұйрық дайындалып, әр тармағы бойынша ақпарат беріледі, - деп айтты Денсаулық сақтау министрі Мәжілістің кулуарында.