​Дастан Сәтпаев 17 жастағы ойыншылар арасында әлемдік ТОП-5 тізіміне енді

0
115

Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді.


​Дастан Сәтпаев 17 жастағы ойыншылар арасында әлемдік ТОП-5 тізіміне енді

Фото: «Қайрат» футбол клубының ресми Telegram-каналы

ERNUR.KZ. Футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі Score 90 қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты, деп жазады inform.kz.

Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары дүниеге келген үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі:

1. Леннарт Карль (Германия, «Бавария»);
2. Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»);
3. Нгумоа Рио (Англия, «Ливерпуль»);
4. Хонест Аханор (Италия–Нигерия, «Аталанта»);
5. Дастан Сәтпаев (Қазақстан, «Қайрат» — «Челси»).

Еске салайық, бұған дейін де қазақстандық футболшы әлемдік басылымдардың рейтингтеріне енген еді. Британдық The Guardian газеті әлемдік футболдағы ең үздік 60 жас талантты атады. 2008 жылы дүниеге келген келешегі зор ойыншылар тізімінде алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаев бар.

Сондай-ақ Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді.