Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жазаның қатаңдауы туралы айтты

0
293

Парламент кулуарында журналистер Тұрлыхановтан ұлына қатысты сот үкімінің өзгеруі туралы ойын сұрады.


Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жазаның қатаңдауы туралы айтты

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты үкімнің өзгеруіне пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Парламент кулуарында журналистер Тұрлыхановтан ұлына қатысты сот үкімінің өзгеруі туралы ойын сұрады.

"Айтып жіберіңізші, кеше соттың апелляциялық алқасы (үкімді өзгертті)...", - деп сұрағын бастады журналист.

"Ұлыма қатысты? Ата-ана ретінде әрқашан ұлым үшін алаңдаймын", - деп жауап берді Тұрлыханов.

Осыдан кейін депутат жиналысқа баруы керек екенін айтып, лифтке кіріп кетеді.