"Даяшы хал үстінде жатыр": Алматы облысында көлік дәмханаға кіріп кетті

0
167

Көп қан жоғалтқан. Ол Қарасай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған.


фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қаскелең қаласында жеңіл көлік дәмханаға кіріп кетті, бір адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 12 маусымда түнге қарай болған.
"Mercedes Benz жүргізушісі Қаскелең қаласында Абылайхан көшесімен жүріп, рөльөді басқара алмай, жол бойындағы дәмханаға кіріп кеткен. Жол апаты салдарынан кафе даяшысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық іс қозғалды”, - дейді облыстық полиция департаменті.
Зардап шеккен 29 жастағы даяшы Қарасай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр дейді.
"Көп қан жоғалтқан. Науқастың қан тобы сирек кездесетін топқа жатады. Қазіргі уақытта Алматыға дәл сондай топтағы қанды табу үшін сұраныс жіберілді. Сондай-ақ науқастың аяғы қатты жараланған. Аман алып қалу мүмкіндігін барынша қарастырып жатырмыз, өкінішке орай науқастың денсаулығына өте ауыр", - дейді Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлері.