Қазақстандық бала күтімінде отырған келіншектер үндіше сауық-сайран құрды
ERNUR.KZ. Астанада Болливуд стиліндегі мерекелік кешке жүзден астам жас ана қатысты. Декретте отырған елордалық келіншектер үндіше ойын-сауық ұйымдастыруды жөн көріпті, деп жазады sputniknews.kz.
Қатысушылардың бірінің сөзіне сүйенсек, мереке үшін Астанаға Қарағанды, Алматы, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларынан қонақтар арнайы келді.
Bollywood party кешіне 130 әйел қатысқан. Олардың басым көпшілігі үнді киімін киіп, қынамен боянған.
Кеш бойы үнді әуендері үзілмей, залдың безендірілуі, тәтті-дәмділердің бәрі Үндістан елін еске салды. Қатысушылар флешмоб жасап, үнді биін биледі.
Ұйымдастырушылар осындай кештерді әртүрлі тақырыпта өткізіп отыруға уәде береді.