Кеңеске Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Иран, Тәжікстан секілді мемлекеттердің өкілдері қатысты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің жетінші кеңесі барысында талқыланды, деп жазады baq.kz.
Кеңеске Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Иран, Тәжікстан секілді мемлекеттердің өкілдері қатысты.
Шара барысында сөз алған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кеңестің маңызы туралы айтты.
Аталмыш жиын осыдан тура 14 жыл бұрын елімізде ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі кеңеске қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы тыңдадық. Алдағы уақытта белгілі бір салалар бойынша тәжірибелер алмасуға дайын болуымыз керек, - деді министр.
Сондай-ақ кеңесте талқыланған негізгі мәселелер тұрғысына да тоқталды.
Негізінен тамақтандыру мәселелері, оның ішінде әйел азаматшалар мен балаларға дәрілік препараттарды беру, онкологиялық науқастарға емхана деңгейінде көрсетілетін қызметтің жақсы тәжірибелерін естідік. Бұл мәселелерге де біз көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан бүгін үлкен келісімге қол қойылды. Келісімнің аясында биологиялық қауіпсіздік мәселелеріне барлық мемлекетпен бірлесіп шешімін табуда үлкен құжаттар септігін тигізеді, - деді ол.
Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау министрі Ма Сяовэй өз елінің барлық елмен әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін айтты.
Біз денсаулық саласында барлық елмен әріптестік байланыс орнатып келеміз. Соңғы жылдары Қытай денсаулық сақтау саласының жаңа эрасын әзірлеу үстінде, - деп атап өтті ол.
Кеңес соңында ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспарын бекітіп, кеңес хаттамасына қол қойды.