Депутат Е. Жаңбыршин: барлық мәселелер мен күмәндарды жою үшін президенттік сайлауды жаңа ережелерге сәйкес өткізу керек

0
788

Бір топ депутат "Астана" атауын қайтаруды ұсынды


Депутат Е. Жаңбыршин: барлық мәселелер мен күмәндарды жою үшін президенттік сайлауды жаңа ережелерге сәйкес өткізу керек

«Жаңа Қазақстан» депутаттарының конституциялық бастамалары сайлауға дейін 7 жылдық бір мәртелі президенттік туралы норманы енгізіп, елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы cайлаудан кейін бір мерзімді президенттік норманы қабылдау құқықтық қайшылықты тудыратынын айтып, бірнеше ұсынысты алға тартты.
Ұсынысқа сәйкес, бір мерзімді 7 жылдық президенттік туралы норманы кезектен тыс сайлауға дейін қабылдау керектігі айтылған.
Сонымен қатар, депутат Еділ Жаңбыршин барлық мәселелер мен күмәндарды жою үшін президенттік сайлауды жаңа ережелерге сәйкес өткізу керектігін айтты.
- Президентті 3 мерзімге қайта сайлаудың кез-келген ықтималдығын болдырмау үшін сайлауға дейін қайта сайлау құқығынсыз бір мерзімді 7 жылдық президенттік туралы ережені енгізу керек, - деді ол.

"Біз, бұрынғы жүйені қалыптастырған саяси күштердің, ықпалды топ өкілдерінің билікке ұмтылып отырғанын ұмытпауымыз қажет. Президенттің қазір сайлау өткізіп және жеті жыл мерзімге сайлануы мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол жаңа инклюзивті азаматтық қоғам құруға мүмкіндік алады.

Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы мынадай мәлімдеме жасайды:

Біріншіден, біз Қазақстан Республикасы Президентін жеті жылға бір мерзімге сайлау бастамасын қолдаймыз.

Екіншіден, Конституцияға өзгерістерді қазір енгізіп, Президент сайлауын жаңа талаптарға сәйкес осы жылдың күзінде өткізу қажет деп санаймыз.

Жалпы, бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, елімізді орнықты дамытуға жол ашатын маңызды қадам.

Үшіншіден, Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады.

Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді.

Бұл Тұңғыш Президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру", - делінген «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысында.