​Депутаттар ҰБТ-ны ұйымдастырудан мұғалімдерді босатуды талап етті

0
1 160

Мәжілісмендер атынан депутаттық сауал білім министрінің атына жолданды.


​Депутаттар ҰБТ-ны ұйымдастырудан мұғалімдерді босатуды талап етті

Мәслихат депутаттары мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ның ұйымдастыру жұмысынан босатуды талап етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжілісмендер атынан депутаттық сауал білім министрінің атына жолданды.

"Мұғалімнің дәрежесі мен қоғамдағы орны Парламент пен қоғамда сан рет талқыланды. Алайда Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктер мұғалімдерге жұмсауға ыңғайлы жұмыс күші ретінде қарауын тоқтатпай келеді. Осылай мектептің өнегелік құндылықтарын бұрмалап келеді. 2017 жылдан бері мектептерде бітірушілерді тестілеудің жаңа форматы енгізілді. Оқушылар мен мұғалімдердің ресми қатынасы атестат берумен аяқталады", - дейді "Халық коммунистері" фракциясы атынан сөйлеген Ирина Смирнова.

Депутат ендігіде бітірушілерге қатысты қызметтік құқығы жоқ мұғалімдерді талапкерлерді ҰБТ пунктеріне әкелуге жауапты ретінде тағайындайтынын атап өтті.

"Бұл мәселе бойынша 2017 жылы депутаттық сауал жолдадық. Жауапта министрлік пен жергілікті әкімдіктер 2018 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыруға мұғалімдерді қатыстырмау мәселесін талқылап жатқаны айтылған. Алайда ол сөз күйінде қалды. Үрдіс қайталанып жатыр. Мұндай қатынас мұғалімдер дәрежесін түсіріп отыр. Министрліктер мен әкімдіктер - ҰБТ тапсыру, оның қорытындысы әрбір талапкердің жеке ісі екенін мойындайтын кез келді", - деп мәлімдеді бұрын мектеп директоры болып еңбектенген депутат.

"Осыған байланысты мұғалімдерді ҰБТ-ны ұйымдастырудан босатып, еңбегін қатысы жоқ бағытта пайдаланбау керек деп есептейміз. Сонымен бірге, әкімдіктердің ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп рейтингін құруды қатаң түрде тоқтату қажет", - деді ол.

"Өте өзекті және уақытында", - деп қолдады әріптесін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.