Диқандарға берілетін арзан кредит көлемі артты

0
548

Бұл диқандарға көктемгі егіс науқанын ойдағыдай аяқтап, күзгі жиын-терім жұмыстарына кірісуіне мүмкіндік береді.


Диқандарға берілетін арзан кредит көлемі артты

ERNUR.KZ. Биыл "Кең дала-2" бағдарламасы бойынша қаржыландыру 3 жарым есе өседі, деп жазады sputnik.kz.

Осылайша фермерлерге берілетін арзан несиенің жалпы көлемі 580 млрд теңге болады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Ақмола облысына сапарында мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл диқандарға көктемгі егіс науқанын ойдағыдай аяқтап, күзгі жиын-терім жұмыстарына кірісуіне мүмкіндік береді. Қазір елімізде аталған бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министірінің орынбасары:
"Биыл "Кең Дала 2"деген бағдарлама арқылы несиені үш жарым есе көбейттік. 580 млрд-қа дейін жеткіздік. Оның бір ерекшілігі фермерлерге 5 пайызбен беріледі. Себебі аграрлық корпорацияның ішінде бірден арзандатамыз", - деді Жұманғарин.